Астанада "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жетекшісі Қайыргелді Жанпейісов ұсталды,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып жазады.
"Алматы аудандық №2 соты Қайыргелді Жанпейісовке қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер. Істің өзге мән-жайы әзірше айтылмай отыр.